• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
40 елдің сарапшысы Қазақстанның  мемқызметкерлерімен тәжірибе бөлісуде 12.04.2017

Өңірлік хабтың басқарушы комитет төрағасы Әлихан Байменов конференцияны аша отырып, жаһандану мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мемлекеттік қызметті дамытуда жаңа сынақтар туындатуда деп атап өтті. 

«Түптеп келгенде, мемлекеттік органдар квазибәсекелестік ортада жұмыс істей бастады. Осындай жағдайда әріптестік - сынақтарға лайықты жауап іздеудегі маңызды құрал», - деді ол.

БҰҰ Тұрақты Үйлестірушісі мен БҰҰ Даму бағдарламасы тұрақты өкілі Норимаса Шимомура өз сөзінде Хабтың ынтымақтастықтың бірегей тұғырнамасы ретіндегі маңызын атап өтті.

Ал, БҰҰ Бас хатшысының Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы бойынша уәкілі Хорхе Чедиек Басқарманың «Астана хабымен оның аймақ елдері және басқа да мемлекеттер мұқтаждықтарына сай әлеуетінің артып отырғанын ескере отырып, ынтымақтастық ауқымын кеңейтуге дайын» екендігін мәлімдеді. 

Сонымен қатар, қатысушылар аймақтағы мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер мен сынақтарды, оларды шешу жолындағы әріптестік пен Хабтың рөлін талқылады. Пікір алмасуға Қырғызстан, Армения, Грузия, Әзірбайжан, Моңғолия, Украина және Эстония өкілетті орган жетекшілері қатысты. 

Канада елшісі Шон Стайл, Франция елшісі Франсис Этьен және ЭЫДҰ парақорлықпен күрес жұмысшы тобының жетекшісі Драго Кош өз сөздерінде Хабтың екіжақты және көпжақты әріптестікті нығайтудағы рөлін екшеледі.

Хабтың зерттеулері, оның ішінде Еуропа, Солтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия, Кавказ және ТМД елдеріндегі соңғы жиырма жылдағы мемлекеттік қызмет дамуы мен реформаларын пайымдайтын кең көлемді еңбек – «Мемлекеттік қызметтегі ғаламдық және аймақтық трендтер шолуы» қатысушылар қызығушылығын тудырды.  Олар сараптамалық материалдар – мемлекеттік қызмет көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет, мемлекеттік қызметкерлерді мотивациялау бойынша кейстер, Хабқа қатысушы елдердің мемлекеттік қызмет профильдері, Хаб журналының жарияланымдарының жоғарғы деңгейін атап өтті.

Сонымен бірге мемлекеттік қызмет саласында үздіксіз тәжірибе мен білім алмасудың тұрақты орталығына айналған Астана Хабы ауқымында аймақ елдерінің әрі қарайғы перспективалары мен жаңа мүмкіндіктері талқыланды.

Сондай-ақ, Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб пен Египеттің Оңтүстік-Оңтүстік дамуы бойынша Академия арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Меморандум   Мохамед Аль Ессауи, Жоба директоры, Египеттің Оңтүтік-Оңтүстік дамуы бойынша Академиясы мен  Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың басқарушы комитет төрағасы Әлихан Байменов арасында түзілді.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list