11.04.2017
«Енді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация фронт офистері жоқ елді мекен тұрғындары аудан орталықтарына бармай және мобильді ХҚКО келуін күтпей 70-тен астам сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді ала алады. Қазпошта қызметкерлері құжаттарды қабылдап жақын орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығына рәсімдеу үшін жолдайды», - деп хабарлады «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі.
Пилоттық жоба шеңберінде ауыл тұрғындары Қазпошта арқылы әскери билет және оның телнұсқасын алу, соттылығы бар немесе жоқтығы туралы анықтама беру, мекен-жай анықтамасын, БЖЗҚнан анықтама, туу туралы куәлік, әртүрлі жәрдемақыларды тағайындау сияқты және т.б. мемлекеттік қызметтерді ала алады.
Пилоттық жоба әзірге бір облыс шеңберінде іске асырылды, алайда бұл тәжірибені Қазақстанның барлық аймақтарына тарату жоспарда бар. «Пошталық байланыс бөлімі арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар тізімін ұсынып, мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш жазу керек және қажет болған жағдайда мемлекеттік бажды төлеу керек. Қазпошта қызметкері құжаттарды қабылдап, тізімдерді қалыптастырғаннан кейін ең жақын орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығына жолдайды. ХҚКО инспекторы қызметті рәсімдеп курьерлер арқылы дайын құжаттарды қызметалушыларға жолдайды»,- деп хабарлады мемлекеттік корпорация басқармасының төрағасы Аблайхан Оспанов.
Бұл Қазпоштаның қызметтер тізіміндегі тағы бір жаңашылық. Былтыр біздің пошта бөлімдері арқылы т/ж және авиа-билеттер сатыла бастады, жақында EXPO-2017 көрмесіне билеттер сату басталды.