• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қытай шекарасында МЖӘ аясында 2 жаңа кеден бекеті салынады 08.04.2017

«Болашақта мемлекетаралық займ немесе МЖӘ аясында тағы да 23 өткізу пункттерін жаңғырту және қосымша техникамен жабдықтау жоспарланған, сонымен қатар жаңа кедендік рәсімдеу аймағының жүйесін құру көзделген», – делінген хабарламада.

Ведомствоның ақпараты бойынша, жаңғыртылған автомобиль өткізу пунктері заманауи сауда-логистикалық орталықтармен қамтылады. Бұл шекарада тауар өткізуге мүмкіндік береді. Егер қойылған талаптар сақталып, бұзылмайтын болса шекарадан тауар 29 минутта өткізілетін болады.  

Аталмыш уақыт ішінде мынадай операциялар жүргізіледі: ЭӨП арқылы кіреді және радиациялық, ветеринарлық, фитосанитарлық, санитарлық-карантиндік, көліктік сынды бес бақылаудан өткізіледі.

Хабарланғандай, Астанада жаңа көліктік-логистикалық орталық ашылды. Онда барлық мемлекеттік бақылау түрлерін жүргізу үшін барлық бақылау органдары шоғырланған. Сондай-ақ СЭҚ қатысушысы барлық логистикалық кешеннің қызмет түрін ала алады, тіпті сақтау және сұрыптау қызметі де көрсетіледі.

Дәл осындай режимде жұмыс істейтін кедендік аймақтар болашақта Қазақстанның төрт ірі қаласында пайда болады.

«Осы ретте аталмыш игі бастамалар ұлттық оператор ҚТЖ-мен бірлесіп МЖӘ негізінде жүзеге асырылуда. Бюджет шығындалмайды», – делінген хабарламада. 


Back to the list