03.04.2017
«Енді қала басқармалары халыққа қызмет көрсету орталықтары сияқты жұмыс істейтін болады. Азаматтардың осында келіп, ресепшн арқылы өздеріне қажет ақпаратты алуына мүмкіндіктері бар», - делінген хабарламада.
Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін және кедергісіз қызмет көрсету мақсатында әкімдіктің әкімшілік ғимаратының бірінші қабатында қалалық он бес басқарманың өкілдері тұрақты негізде консультация беріп, азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қабылдайды.