• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда тұтынушылар құқықтарын   қорғау бойынша жаңа сайт іске қосылды 31.03.2017

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен «Сапа» тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде ҚР-да сатылатын және әкелінетін өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі туралы халықты ақпараттандыру бойынша бірлескен жұмысты жүргізуде.

 «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес тауарлар мен сатушы туралы ақпаратты алуға тұтынушылардың құқықтарын іске асыру үшін сайтта сапалы және қауіпсіз өнімдерді анықтауға көмектесетін өнімдер рейтингі жарияланған.

ҚР ҰЭМ Тұтынушылар құқықтарын  қорғау комитеті хабарлағандай, сайтта техникалық регламенттер мен санитариялық-гигиеналық нормаларды бұза отырып сатылған тауарлар, олардың өндірушілері және сатылатын орындары туралы ақпарат көрсетілетін қауіпсіз өнімдердің тізбесі орналастырылатын болады.

Бұл тізбе толықтырумен қатар, анықталған бұзушылықтар жойылған жағдайда тауарларды алып тастау арқылы үнемі жаңартылып отыратын болады.


Back to the list