15.03.2017
ҚР-ның РФ-дағы Елшілігінің кеңесшісі Дәурен Дияров билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу жөніндегі саяси реформаны және Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын еліміздің алдағы уақыттағы экономикалық және саяси өміріне ықпал ететін тарихи ауқымдағы оқиғалар деп атады.
Оның айтуы бойынша, конституциялық реформа билік пен мемлекеттік басқарудың анағұрлым тиімді, тұрақты және заманауи жүйесін құруға бағытталған, ал Жолдауда тұрақты экономикалық өсуді және Қазақстанның озық 30 елдің қатарына кіруін қамтамасыз етуге арналған бес негізгі басымдық айқындалған.
О.Е.Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң академиясының бірінші проректоры, заң ғылымдарының докторы Елена Грачева Конституцияға енгізілетін түзетулерді бүкілхалықтық талқылау барысында 6 мыңнан астам ұсыныс келіп түскенін атап өтті. Оның ойынша, Конституцияға түзетулер енгізу билік жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Кездесуге қатысушылар Қазақстандағы конституциялық реформаны дұрыс саяси қадам деп атады.
Бұдан бөлек, кездесуге қатысқан гуманитарлық жоғары оқу орындарының қазақстандық аспиранттары, магистранттары мен студенттері, соның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алушылар Қазақстанның дамуы үшін саяси және әлеуметтік тұрақтылықтың маңыздылығын да атап өтті.