• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Конституциялық реформаның басты мақсаты қоғамды ұйымдастыру - М. Құл-Мұхаммед 11.03.2017

Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы Ата Заңның жаңа редакциясын толық қолдай отырып, күшті президенттік биліктің сақталуы мен жаңартылған Конституцияда тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерекше рөлі одан әрі нығая түскенін айрықша атап өтті.

«Бар болғаны ширек ғасырдың ішінде елімізді әлемдік деңгейдегі өте қуатты және беделді мемлекетке, сондай-ақ, тұрақтылықтың, бірліктің және қарқынды экономикалық дамудың орталығына айналдырған Мемлекет басшысы қазақстандық жолдың аса көрнекті сәулетшісі болып табылады», – деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары. 

Сонымен қатар, Мұхтар Құл-Мұхаммед конституциялық реформаның басты мақсаты ең алдымен қоғамды ұйыстыру екенін айтты. Өйткені, Елбасымыздың Үшінші жаңғыру мен «Қазақстан-2050» даму стратегиясы аясында алдымызға қойған міндеттерінің ауқымдылығы мен аса күрделілігі ескеріліп, жаңа кезеңде де бірлік, біртұтастық және тұрақтылық сияқты негізгі құндылықтардың маңызы арта бермек.

Отырыс барысында Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы жаңа Конституцияны қолдау мақсатында қазақстандықтарға арнайы үндеуін жариялады.

Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы еліміздегі 5 жетекші саяси партияны, 23 ірі қоғамдық бірлестікті және 500-ден астам үкіметтік емес ұйымды біріктіретінін атап өткен жөн.

 


Back to the list