10.03.2017
«Алдағы уақытта берілген өкілеттіліктерді дұрыс пайдаланған биліктің тармақтары реформаның дұрыс шешім екенін дәлелдеп, өздерінің жұмыс нәтижелерін көрсете алады деп ойлаймын. Ал саяси жаңғырудың технологиялық жаңғырумен қатар жүріп жатқанын айта кеткен дұрыс. Бір айқын мәселе, Қазақстанның өзіне тән саяси моделі бар. Яғни, тұрақты президенттік билік сақталатын болады» – деді Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысына орай «Демократиялық даму жолындағы Конституциялық реформа» атты дөңгелек үстел өтті.