06.03.2017
«Конституциялық реформа – бұл, ең алдымен, демократияның одан әрі дамуы, халық билігінің негіздерін нығайту, күшті президенттік билікті сақтай отырып, парламент пен Үкіметтің жауапкершілігін арттыру», – деп санайды Мәжіліс спикері Н. Нығматулин.
Атап өтейік, Конституцияға түзетулер енгізуді парламент мүшелерімен қатар, Конституциялық кеңес, Бас прокуратура, Жоғарғы сот, Нотариалдық палата, Құқық қорғау органдары академиясы, Кәсіподақтар федерациясы, Заңгерлер одағы, Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ҒЗИ өкілдері талқылаған болатын.
Сондай-ақ, пікірталастарға бірқатар үкіметтік емес ұйымдар да қатысқан. Заңнамалық нормаларды, сондай-ақ Мәжіліс және Сенат депутаттарының ұсыныстарын Заң жобасы жөніндегі палаталардың бірлескен комиссиясы қараған.
Еске сала кетейік, бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдады.