06.03.2017
«Елбасы ұсынған реформалар – болашаққа деген қозғалыс және «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға қадам басу», - деді В.Редкокашин.
Депутат атап өткендей, конституциялық реформалар бір ай бойы белсенді талқыланды. Көптеген идеялар мен сындар айтылды.
«Жалпы, қазақстандықтар конституциялық реформаларды қолдайды. Осыған дейін біз комитетте «ҚР Конституцияна өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына толықтырулар мен өзгертулерді тыңғылықты талқыладық. Бізге қандай жауапкершілік артылып отырғанын білеміз, Парламент өкілеттігін кеңейту мемлекеттік басқаруды жетілдіреді», - деді ол.
Айта кетейік, 3 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев депутаттарға «ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ұсынды. Ол бойынша Президент өкілеттігінің жартысы Үкімет пен Парламентке тапысырылады.