• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мемлекет басшысы ұсынған заң жобасы Конституцияның  19 бабына  26 өзгерту енгізуді қарастырады 06.03.2017

«Заң жобасын екінші оқылымда   қарау аясында конституциялық реформа туралы жалпы түсінікке ие болуымыз керек. Осы орайда депутаттар қолдаған өзгертулерге тоқталуға рұқсат етіңіздер», - деді Н.Әбдіров.

Оның айтуынша, өзгертулердің басым бөлігі Президент және  Парламент, Үкіметтің өкілеттігін қайта қарастыруға  бағытталған. Аталмыш өзгертулер  «100  нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған.

«Президент құзыреті  қорғаныс пен сыртқы саясат, мемлекеттік басқару, Конституцияны қорғау және мемлекеттік  билік тармақтарының жұмысын тиімді қамтамасыз ету  мен олардың өзара әрекеттесу саласында өзгеріссіз қалды», - деді Н.Әбдіров.

Ол айтып өткендей, заң жобасы   Мемлекет басшысының  әлеуметтік-экономикалық саладағы өкілеттігін Үкіметке беруді қарастырып отыр.

Мемлекет басшысы қорғаныс негізінде Конституциялық кеңеске жүгініп, Конституцияға енген өзгертулерді  тексерте алады.

«Осы бағыттағы жаңа конституциялық бағыт заң мен құқықтық актілердің сапасына әсер етеді. Бұл Қазақстанның құқықтық мемлекет атануына үсле қосады», - деді Н. Әбдіров.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list