06.03.2017
Парламент Сенатының қаржы және бюджет комитетінде елдің Ата Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы белсенді талқылау өтті. Талқылау барысында комитет мүшелері конституциялық реформаны толық қолдады, сондай-ақ, Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтылған ұсыныстарды да жөн көрді.
«Парламент пен Үкімет өкілеттігін кеңейту үшінші жаңғырту мақсаттарын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Конституциялық реформаға ұсынылып отырған өзгертулер Үкіметтің жауапкершілігі мен дербестігін арттырады. Оған экономиканы басқарып, қойылған мақсаттарды сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді Р.Ахметов.
Сенатордың айтуынша, Парламент рөлінің күшеюі билік қабылдаған шешімдерді тиімді реттеуге жәрдемдеседі.
Айта кетейік, 3 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев депутаттарға «ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ұсынды. Ол бойынша Президент өкілеттігінің жартысы Үкімет пен Парламентке тапысырылады.