04.03.2017
«Мемлекет басшысы ұсынған еліміздің Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасы өзгерістер жарияланған сәттен бастап жүргізілген және осы талқылаудағы қорытынды нүкте болып табылатын бір айлық жұмыстың нәтижесі болып табылады. Біз Президенттің меншік мәселелеріне қатысты және Президент өкілеттіктерінің бір бөлігін Парламентке беруге қатысты пікірін естідік», – деді М. Бортник.
Оның айтуы бойынша, Президент демократия құру және халық өз пікірін Парламент арқылы білдіре алатындай жағдайлар жасау саясатын мақсатты түрде жүргізіп келеді.
М. Бортник атқарушы биліктің өз міндеттерін орындауы және атқаруы Парламенттің және, сәйкесінше, халықтың да бақылауында болатынын түсіндіріп өтті.
Қайрат Жандыбаев