• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
6 наурызда екінші оқылым аясында конституциялық өзгертулер   қаралады 03.03.2017

«Парламенттің бірлескен комиссиясы  екінші оқылымға дейін конституциялық  толықтыруларды  жан-жақты, тыңғылықты қарайды. Сондай-ақ, барлық депутаттар белсенді қатысады деген үміттемін», - деді Н.Аблиров.

Ол комиссия  жұмысының  тәртібін  айтты.

«Біріншіден,  4 наурызда, яғни ертең парламент палаталарының  тұрақты комитеттері  өз отырыстарын өткізіп, заң жобасын талқылауы керек, бүгін депутаттар айтқан  ұсыныстар мен енгізулер бірлескен комиссияда айтады. Екіншіден, ертең,  заң жобасы саяси партияның фракцияларында талқыланады. Үшіншіден, саяси фракциялардың шешімдері мен депутаттардың  ұсынысы бойынша комитеттердің тұжырымдамасын 5 наурыз күні  14:00-ге дейін енгізу қажет. Үшіншіден, комиссия екінші оқылымға дейін бірлескен отырыста қарайтын салыстырмалы кестені әзірлейді. осыған орай  заң жобасын  6 наурызда екінші оқылым  аясында парламент палаталарының  бірлескен отырысында талқылауды  ұсынамын», - деді Н.Аблиров.

Айта кетейік, биылғы жылдың  26 ақпанында « Қазақстан Республикасының Конституциясына  өзгертулер мен толықтырулар енгізу»  заңын  бұқаралық талқылау аяқталды.

Қайрат Жандыбаев

 


Back to the list