• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Депутаттар ҚР Конституциясына Нұрсұлтан Назарбаевтың атын жазуды ұсынды 03.03.2017

«Депутаттар өңірлерде болған кезде Мемлекет басшысының Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы ерекше рөлін Негізгі заңда бекіту идеясын халық қолдайтынына тағы да көз жеткізді. Мемлекет басшысының баға жетпес рөлін, оның айрықша маңыздылығын Басты заңда көрсету қажет деп санаймын және Конституцияның 91-бабының 2-тармағында көрсетілген еліміздің мызғымас құндылықтарына мемлекеттік тәуелсіздікті ғана емес, сонымен қатар тәуелсіз Қазақстанның көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесін, қағидаттары мен өзгертулерін де енгізуді ұсынамын», - деді Б. Хаменова.   

Сондай-ақ, ол Астана халықаралық әуежайын Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен атау туралы ұсыныс жасады. 

«Үш ай бұрын мен осы залда біз бірауыздан бекіткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясын қабылдау қажеттігі туралы үндеуге қол қойған Парламенттің екі палатасының депутаттар тобын қолдап осы жерде баяндама жасаған болатынмын. Бұл құжатта біз ел Конституциясында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет құрылысына қосқан зор үлесін Конституцияда атап өту, сондай-ақ Елбасының есімін астананың және басқа да маңызды нысандардың атауында көрсету туралы ұсынған едік», - деп мәлімдеді Б. Хаменова.

Ол конституциялық реформа жобасын бүкілхалықтық талқылау барысында сайлаушылар аталған бастамаларға қолдау көрсеткенін атап өтті. Астана халықаралық әуежайына, басқа да нысандар мен кәсіпорындарға Тұңғыш Президент есімін беру туралы ұсыныстар айтылды.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list