• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ауғанстан Президенті Қазақстандағы саяси реформаларды қолдайды 27.02.2017

Елші Президентке «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығы» мерейтойлық  медалін берді, сондай-ақ,  Шанхай ынтымақтастық ұйымы  мен Астанадағы Ислам ынтымақтастық  ұйымының  Ғылым және технология  саммитіне шақрыды.

Ө.Бітімов  Ауғанстан көшбасшысын  Қазақстандағы үрдістерімен таныстырып, Елбасының  бастамаларын түсіндіріп, билік арасындағы өкілеттіктерді бөлу мәселесімен бөлісті. Сонымен қатар, Елбасының «Қазақстанның  үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы туралы хабардар етті.

А.Гани Қазақстан Президентіне сыйлық үшін алғыс айтты.

«Ауғанстанда Қазақстанның ұзақмерзімді жоспарын  қолдап, қазақстанық қоғамның  дамуына ниеттес», - деді ол.

 

 


Back to the list