22.02.2017
«Сарапшылардың пікірі бойынша, мұндай өзгерістер өте маңызды. Парламенттің рөлі мен маңызы күшейіп келе жатқандықтан, сайланатын партияларға тиімдірек қарап, қатаң талап қоя бастаймыз. Парламент Үкімет құрылымын қалыптастырады. Қазір көп ұсыныстар енгізіліп жатыр, мысалы, ресейлік тәжірибені алатын болсақ, пропорционалды жүйе енгізу бойынша ұсыныс енгізілді. Себебі Конституцияда әрбір адам сайлауға қатысып, өзі де сайлана алады деген норма бар», – деп ұсынды Марат Башимов.
Сарапшының айтуы бойынша, Үкімет ҚР Парламенті тарапынан анағұрлым тиімді бақылауға ұшырайды.
«Заңнамалық билік тармағының атқарушы билік тармағымен бірлескен жауапкершілігі едәуір өсіп келеді. Менің ойымша, өкілеттіктерді бөлу ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды», – деді М. Башимов.
Ақбота Күзекбай