• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Мемлекеттік өкілеттіктерді бөлу мемлекеттің одан әрі дамуына үлкен серпін береді – сарапшы 10.02.2017

«Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, ең табысты мемлекеттерде мемлекеттік билік тармақтарының өзара іс-қимыл жүйесін құруға үлкен мән беріліп отырған, бұл елдің ілгерілеуін барынша қамтамасыз еткен. Билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу мемлекеттің одан әрі дамуына үлкен серпін береді», – деді Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мүсірәлімова.

Еске сала кетейік, Ақмола облысында Іскер әйелдер форумы өтті, оның барысында бизнес құрылым өкілдері, банк жүйесінің, ҮЕҰ, жастар ұйымдары мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері елдегі конституциялық реформаларды және ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылады. 


Back to the list