• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Еgov.kz мобильдік қосымшасы  «Үздік мобильдік үкімет қызметі»  сыйлығына  ұсынылды 09.02.2017

«Жоғарғы сапа  және мемлекеттік  қызметтің қарапайымдылығы министрлік мақсатының  басым бағыты болып табылады», - деді Д.Абаев.

Министрдің айтуынша, бүгінде  «электрондық үкімет»   инфрақұрылымы   арқылы  761 электрондық қызмет  жүзеге асырылуда – бұл   еgov веб-порталының 240 электрондық қызметі, электрондық рұқсат етілім бойынша  86 қызметі түрі мен  435 электрондық  шешімнің берілуі.

«2016 жылы  портал арқылы  41 млн қызмет түрі  жүзеге асырылды. Сонымен қатар,  мобильдік  қосымша арқылы да жұмыстар іске асырылуда. Қазіргі таңда  аталмыш форматта  қызметтің    83 түрі бар. «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясы  бірыңғай қолжетімділік нүктесі арқылы  қызметтің  77 пайызын ұсынып отыр. 2016 жылы  Мемлекеттік корпорация  36 млн қызмет түрін ұсынды», - деді Д.Абаев.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list