• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қ.Тоқаев: Н.Назарбаев  ұсынған жаңғырту –еліміздің саяси тарихындағы бетбұрыс кезеңі 03.02.2017

Төрағаның пікірінше, Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған жаңғырту – біздің еліміздің саяси тарихындағы бетбұрыс кезеңі, өйткені, Конституцияға енетін өзгерістер Отанымыздың мемлекеттілік тұрғысында даму барысына оң ықпал етеді.

Бұл реформа – құбылмалы әлемнің қатерлеріне лайықты жауап болды, деп санайды Қ.Тоқаев. Сенат Төрағасы мемлекет тиімділігін арттыру мақсатында билік тармақтары арасындағы жауапкершілікті қайта бөлуге бағытталған жаңғырулар туралы өз ойларымен бөлісті.

«Мықты Президент – Беделді Парламент – Есепті Үкімет» тұжырымдамасының үш құрамы толғаныстың темірқазығы болды.

Қ.Тоқаев Қазақстан қоғамында біздің мемлекеттілігіміздің жүйе құраушы діңгегі ретіндегі Президент институты туралы мызғымас ортақ ұйғарым бар екенініне сенім артады. Мақалада президенттік басқару формасы «өзінің өміршеңдігі мен тиімділігін толықтай нақтылады» деп атап өтілді.

Сонымен қатар Төраға Президентті әлеуметтік-экономикалық саланы ұйымдастыру-техникалық және бақылау міндетінен босатудың уақыты жеткенін атап өтті. Қазақстанның саяси жүйесінің жаңаша бейнесін талдай келіп, Қ.Тоқаев реформа Үкімет пен атқарушы билік тармағының барлық жүйесінің жауапкершілігін кеңейтетінін, оларды Парламент алдында есеп беруін қамтамасыз ететінін атап өткен.

Төраға осы орайда «Үкімет басшысы Парламенттің төменгі палатасында кем дегенде тоқсанына бір рет еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі өз жұмыстары туралы партия фракциясының сауалдарына жауап бере алар еді», - деген ұсынысын жария етіп отыр. 


Back to the list