• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Сенаторлар ел өңірлерінде Елбасының Конституцияға енгізген өзгертулерін түсіндіруде 03.02.2017

Жүздесу барысында Президент Н. Назарбаевтың конституциялық реформалары мен Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының ережелері талқыланды. А.Бижанов Үкіметті қалыптастыру мен оның қызметін бақылаудағы Парламенттің рөлін күшейту, Президенттің қандай өкілеттіктері Үкімет пен Парламент арасында бөлінетіні туралы айтты.

Одан басқа, Президент Жолдауындағы бес негізгі басымдықтар мен кешенді міндеттер де талқыланды. Дәрігерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне ерекше ықылас білдірді.

Сенатор Жолдауда білім беруді, дансаулық сақтауды, халықты әлеуметтік қорғауды дамытуға Жолдауда ерекше орын берілген. А.Бижановтың пікірінше, халықтың денсаулығын сақтау – басым міндеттердің бірі, сондықтан денсаулық сақтау жүйесін реформалау дәрігерлік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталуы тиіс. Ол сондай-ақ биылғы 1 шілдеден бастап мемлекет, жұмыс беруші мен азаматтардың ынтымақтасқан жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілетінін атап өтті.

Қарағанды облысында жұмыс бабындағы сапармен жүрген Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай Қарағанды облыстық сотының 2016 жылдағы сот төрелігінің қорытындыларына арналған кеңейтілген жиналысына қатысты. С.Ақылбай судьялар алдында Президент, Үкімет және Парламент арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлуге арналған Конституцияға енгізілетін түзетулер туралы сөз сөйледі.

Сенатор Ата заңдағы сот жүйесі мен прокуратура қызметін реттейтін ережелердің мазмұнына егжей-тегжейлі тоқталды. Сенатор Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттарымен кездесуде конституциялық реформалар мен Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын жан-жақты түсіндірді. Депутат өз сөзінде бағдарламалық құжаттың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтіп, саяси жаңғырудың негізгі мәселелеріне тоқталды. «Президенттің Жолдауы Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену жөніндегі өткен жылғы белгіленген міндеттерді орындауды көздейді», - деді С.Ақылбай.

Оған қоса,  Сенатор М.Тағымов Ақтөбе облысындағы Темір ауданында болды. Аудан орталығы Шұбарқұдық ауылында депутат аудан активімен, еңбек ұжымдарының өкілдерімен, ардагерлермен, сондай-ақ аудандық құқық қорғау, сот және прокуратура органдарының қызметкерлерімен кездесті.

Сенатор М. Тағымов аймақ жұртшылығына арнаған сөзінде «Мемлекет басшысы қазақстандықтардың алдына елімізді Үшінші жаңғырту туралы міндет қойып отыр. Өткен екі жаңғырудағы жоғары жетістіктер бізді қазіргі кезде де, келешекте де табысқа жетелеуі тиіс», - деді.

Депутат өз сөзінде Жолдаудың негізгі ережелері мен оны іске асыру жолында алда тұрған міндеттер туралы хабардар етті. Билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдары қызметінің құқықтық негіздерін жетілдіру, жеке меншік құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған алдағы реформаларға баса назар аударылды.

Мәслихат депутаттары мен қарапайым азаматтар Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттер мен мақсаттарды іске асыруға әзір екендіктері туралы ойларын ортаға салды.

Сондай-ақ, Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Рашит Ахметов Орал қаласының әкімі Н.Төрегалиевпен, мәслихат депутаттарымен, қала активімен және ақсақалдармен кездесті. Р. Ахметов Конституцияға ұсынылған негізгі өзгерістер мен толықтыруларды атап өтті.

Кездесуге қатысушылар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасы мен Елбасының Жолдауындағы реформаларды тұтастай қолдайтынын білдірді және аймақ пен елдегі шешілмеген бірқатар өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салды.

Атап айтқанда, апатты жағдайдағы және тозығы жеткен үйлердің тұрғындарын орналастыру, оларды баспанамен қамту, жаңа үйлер құрылысын қаржыландыру мәселелері көтерілді. Сенатор сапар барысында еңбек ұжымдарымен және аудандық мәслихаттар депутаттарымен кездеседі.
 


Back to the list