• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақмола облысында Қазақстандағы  конституциялық реформалар талқыланды 31.01.2017

«ҚР Ата заңына жаңашылдықтар енгізу Президенттің бірқатар құзіретін Үкімет пен Парламентке беруге мүмкіндік туғызады. Президент жаңа жағдайда стратегиялық функцияларға, сыртқы саясат мәселелеріне, еліміздің ұлттық және қорғаныс қауіпсіздігі мәселелеріне басымдық беріп, билік тармақтары арасындағы қатынастарда жоғарғы арбитр рөлін атқаратын болады.Ел Парламентінің дәрежесі артады, сот және прокуратура жүйелерін, жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару саласын әрі қарай жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіледі», - деді облыс әкімі С.Кулагин.

Басқосуда С.Кулагин Елбасының биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» Жолдауы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізінде экономикалық дамудың жаңа моделін құруды қамтамасыз ететіндігін де атап өтті.

«Ел дамуының тағы бір белесіне шығаратын жаңа реформалардың кезекті жолын анықтаған Мемлекет басшысы азаматтардың өзара сенімі мен түсінігіне иек артады», – деді облыс әкімінің орынбасары  Н.Нұркенов.

Сондай-ақ басқосуда Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері, облыстық мәслихат депутаты Серік Аяғанов, Ақмола облыстық «Видергебурт»  немістер қоғамының төрағасы Светлана Корнеева, облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Тимур Ысқақовтар да тақырып бойынша өз пікірлерін білдірді.

 


Back to the list