• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Н.Назарбаевтың реформасы біздің дамуымыздың логикасына және жалпы қазіргі даму логикасына сүйенеді – Сұлтанов 30.01.2017

«Президент алдағы реформа біздің дамуымыздың логикасына және жалпы қазіргі даму логикасына сүйенетінін атап өтті. Ұсынылып отырған реформаның мәні билік өкілеттіктерін бөлуде, жалпы саяси жүйені демократияландыруда. Бұл бізге қажетті өкілеттіктер беріп қана қоймайды, сонымен қатар біздің жауапкершілігімізді де арттырады. Осыған орай, алдағы уақытта Президенттің барлық тапсырмаларын іске асыру бойынша үлкен жұмыс атқаруға тура келеді», — деді Ерік Сұлтанов.

Өңір басшысы  Елбасының үндеуiнiң негiзгi бағыттарын түсiндiру бойынша iс-шаралардың өңiрлiк желiлiк кестесi әзірленгенін атап өттi. «Осы кестеге сәйкес сапалы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу қажет», - деді әкім.


Back to the list