30.01.2017
«Үндеуде айтылғандай, күшті президенттік вертикаль бізге мемлекетті қалыптастырудағы алғашқы қиындықтарды еңсеру кезеңінде қажет болды. Осы кезеңде өзіміз бүгінде мақтанышпен айтып жүретін қаншама жетістіктерге қол жеткізілді десеңізші», - деді ол.
М.Жанәділов айтқандай, Ұлт көшбасшысы осы қол жеткенмен тоқтап қалмай саяси жүйені одан ары демократияландыру қадамын жасап отыр. Мұның өзі мемлекетті басқару жүйесінің тиімділігін барынша арттырып, еліміздің әлем алдындағы беделін бұрынғыдан да жоғарылата түсетіндігі сөзсіз.
Ол айтып өткендей, бүкіл қазақстандықтардың қатысуымен жүзеге асатын жаңа реформаны жарқын болашаққа жасалынып отырған баянды қадам ретінде бағалаймын.
«Осындай түбегейлі өзгерістерді жүзеге асыру арқылы мемлекеттік құрылыстың бөгде ешбір модельдеріне ұқсамайтын өз мемлекетімізді, жауапкершілік пен біліктілікті басты орынға қоятын Үкімет пен Парламентті қалыптастыратынымыз сөзсіз. Мұның өзі болашақ толымды табыстарымыздың кепілі болмақ», - деді ол.