13.01.2017
Б. Қамаловтың айтуы бойынша, әрбір қызметкер іріктеудің үш сатылы жүйесінен өтуі тиіс болды.
«2016 жылдың басынан бері облыста барлығы 3 874 лауазымға конкурс өткізілді, оның ішінде 1721 лауазымға жалпы іріктеу өткізілді. Оның қорытындылары бойынша мемлекеттік қызметке әр түрлі салалардан 1 113 адам қабылданды. Олардың барлығы іріктеудің үш сатылы жүйесінен өтті. Ол: заңнаманы білуге тестілеу, жеке қасиеттерді бағалау, сондай-ақ конкурс жариялаған мемлекеттік органда әңгімелесу», - деп түсіндірді ол.
Оның айтуы бойынша, мемлекеттік қызметке кешенді іріктеу нәтижелері бойынша және төменгі лауазымдардан ғана түсуге болады.
«Осыған байланысты, бос қызмет орнына конкурс мемлекеттік органның өзінің мемлекеттік қызметшілері арасында, кейін барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізіліп, осыдан кейін ғана барлық азаматтарға арналған ашық конкурс өткізіледі», - деп атап өтті Бахтияр Қамалов.
Мемлекеттік қызметке түскісі келетін азаматтар конкурсқа «ҚР Мемлекеттік қызметі» мобильді қосымшасының көмегімен дайындала алады. Мұнда заңдармен танысуға, заңнаманы білуге сынақ тестілеуден өтуге және мемлекеттік қызметке түсу туралы толық ақпарат алуға болады. 2016 жылғы қыркүйектен бастап бұл қосымша 10 мың реттен артық жүктелген.