02.11.2016
«Өкінішке орай, мемлекеттік қызметшілерді оқытудың бұрынғы моделі оның қатысушыларының қажеттіліктерін жеткілікті деңгейде қанағаттандырмағанын атап өту қажет. Оқу көбінесе үзінді сипатқа ие болған. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілер стратегиялық және бюджеттік жоспарлау және менеджмент, адами ресурстарды басқару, тілдік және ІТ біліктіліктер негіздерін меңгеруі тиіс», - деді Ф. Жақыпова.
Ректор білім алушылардың құрамына қойылатын талаптардың өзгергенін атап өтті.
Оның айтуы бойынша, магистратураға және докторантураға қабылдау қағидалары, соның ішінде электрондық үкімет арқылы құжаттарды қашықтықтан қабылдаудың енгізілуімен қайта қаралуда.
«Егер бұрын оқуға құжаттар 20-30 күнді құрайтын қысқа уақыт ішінде қабылданса, қазір мемлекеттік қызметшілер үшін құжаттарды қабылдау мерзімін ұлғайту мүмкіндігі пысықталуда», - деп атап өтті ректор.
Ботагөз Айтжанова