06.10.2016
«Қазақстанның 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап баға реттеуден бас тартты. Өзінің нарықтағы жағдайын теріс пайдаланатын субъектілерге қатал қаржылық салдары бар икемді құрал» - деп атап өтті Бишімбаев.
Оның деректері бойынша 47 астам тауар нарығына талдау жасалды, ол әлеуметтік наразылық және бағаның күрт көтерілуі мүмкін аймақтарды анықтауға мүмкіндік берді.
«Қорытындысында реттеуді 4 салада, атап айтқанда теміржол көлігі, электр энергетикасы, газбен жабдықтау және әуежай қызметінде сақтап қалу ұсынылады» - деп хабардар етті Бишімбаев.
Аталған тауар нарықтары бойынша оларды қоғамдық тұрғыдан маңыздылығын белгілей отырып, шамамен 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін баға реттеуді сақтап қалу ұсынылады.
Бұдан басқа, Заңнамаға табиғи монополия саласында мемлекеттік реттеу тәсілдерін өзгертуге бағытталған бірқатар түзетулер енгізіледі. «Біз табиғи монополия субъектілері қызметін реттеудің ең үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес ынталандыру әдістерін кезең-кезеңмен енгізуді ұсындық. Бұл - табиғи монополия субъектілері жұмысының тиімділігін арттырады» - деп хабарлады министр сенаторларға.
Министр, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыра отырып, құжатта Монополияға қарсы қызметтің міндетін, мәртебесі мен жұмыс тәртібін, сондай-ақ басқа елдердің құқық қорғау органдарымен және монополияға қарсы ведомстволарымен өзара іс-қимыл тетіктерін айқындау ұсынылғанын атап өтті.Заң жобасында, егер келісімдер бәсекелестікке қарсы сипатта және бәсекелестікке қауіп төндіруі мүмкін болса зияткерлік меншікке айрықша құқыққа қатысты алып қоюларды жою көзделген, бұл, қазақстандық кәсіпкерлерді шетелдік тауар өндірушінің нақты өкілімен келісім жасауға мәжбүрлеген жағдайларда ден қоюға мүмкіндік береді.
Сенаторлар министрліктің өкілдеріне монополияға қарсы реттеу және жекелеген тауар түрлеріне бағаны реттеу саласында құқықтық нормаларды өзгертуге қатысты сұрақтар қойды.
Пікірталас барысында депутаттар талқыланып жатқан заң жобасының мазмұны бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.Кездесуді аяқтай отырып, Қ.Бишімбаев келесі жылы парламенттің қарауына «Табиғи монополиялар туралы» жаңа заң жобасы ұсынылатынын хабарлай отырып, Сенат депутаттарының монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмысқа қатысуға қызығушылық танытқанын атап өтті.
Ботагөз Айтжанова
Сурет: Азамат Әлиев