05.02.2015
А.Дауылбаев келтірілген барлық дәлел-дәйектерді жан-жақты тексеруді қамтамасыз етуді, заңдылықтың бұзылуы анықталған жағдайда прокурорлық қадағалау актісін енгізіп, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
2014 жылы Бас Прокурордың жеке қабылдауы барысында 118 шағым түскен. Олардың басым бөлігі сот актілеріне наразылық келтіруге (88) қатысты болса, 23 шағым бойынша қылмыстық қудалау органдарының процессуалдық шешімдерінің заңдылығына және әлеуметтік-экономикалық саладағы шешімдердің (7) бұрыстығына шағым түсірілген.
«Бас Прокурор 36 арызданушыны бейнеконференциялық байланыс арқылы қабылдаған, бұл жеке қабылдаудың уақытты және материалдық қаражатты үнемдеу тұрғысынан ыңғайлы да тиімді түрі болып табылады», - деп хабарлады ведомство.
Өтініштерді зерделеу нәтижесінде Бас Прокурор сот актілеріне қадағалау наразылықтарын енгізіп, тергеу және анықтау органдары актілерінің күштерін жойды және арызданушылардың дәлелдерін тергеу жолымен тексеру мақсатында бірнеше қылмыстық іс қозғады.
Сондай-ақ Бас прокуратураның Өтініштерді қарау туралы заңдардың қолданылуын қадағалау және іс жүргізу басқармасының қызметкерлері 1287 адамды күнделікті жұмыс барысында қабылдаған. Негізінен азаматтар қылмыстық, қылмыстық-процестік заңдардың нормаларын қолдану, қылмыстық қудалау органдары әрекетінің заңдылығы мәселелері бойынша шағымданған.
«Прокуратура органдарында азаматтардың берген өтініштеріне ерекше мән беріледі, өйткені бұл - сенім арту деңгейінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Сондықтан да бұзылған құқықтардың уақтылы және жедел қалпына келтірілуі қадағалау қызметінің басты басымдықтардың бірі болып қала бермек», - деп хабарлады Бас прокуратурада.