27.01.2015
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен Жұмаділдаев Ануар Серқұлұлы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен Мараджапов Бахтиёр Иркинұлы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен Қыпшақов Арғын Мықтыбайұлы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.