20.01.2015
Бас прокуратураның жұмысшы топтары жаңа құқықтық актілерді қолданудың проблемалық мәселелерін анықтау, жаңа жағдайдағы құқықтық жүйенің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етудің қажетті шараларын қабылдау мақсатында Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қостанай облыстарының құқық қорғау және арнайы органдарын тексеруге кірісті.
Тексеріс нәтижелері Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында талданатын болады.