15.01.2015
Облыс әкімдігінен хабарлағандай, Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы Жарлығына сәйкес Қазақстанда орталық және жергілікті басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажыратуды жүргізді.
Сонымен жүргізілген жұмыстың нәтижесінде орталық басқару органдарынан жергілікті басқару органдарына 109 қызмет берілді.
Осы ретте жергілікті мемлекеттік басқару құрылымында 2 мемлекеттік басқарма құрылды. Мемлекеттік архитектуралық құрылыстық бақылау басқармасы ( 29 функция) және Мемлекеттік жерді пайдалануды бақылау және қорғау басқармасы.