09.12.2014
Агенттіктен хабарлағандай, байқау бірнеше кезеңнен тұрады.
«Үміткерлер тестілеу, заңнаманы білу, медициналық бақылау және сұхбаттасудан басқа құқық қорғау қызметіне үміткерлердің жеке кабілеттері бағаланып, олар полиграфологиялық зерттеуден өтеді», - делінген хабарламада.
Толықтырып өткендей, құжаттарды қабылдау бес жұмыс күні жүргізіледі.
«Құжаттар қолма-қол және электронды пошта арқылы қабылдана береді (Астана қаласы С.Сейфуллин көшесі 37 үй немесе e-mail@anticorruption.gov.kz)», -деп ведомстводан хабарлады.
Сонымен қатар үміткерлермен бірге полиграфологиялық зерттеуден байқаудан тыс жұмысқа қабылданғандарда өтеді.