08.12.2014
«Елбасының 25 тамызда шыққан Жарлығына сәйкес, мемлекеттік басқару деңгейлерінің құзіреттілігінде сараптама қызметінің берілуі қарастырылған. Сондай-ақ, психиатриялық сараптама, наркологиялық-сот сараптамасы, медициналық-сот сараптамасы денсаулық сақтау және әлеуметік даму министрлігінің құзіреттілігінде болатын. Сол себепті бұл қызметтер әділет министрлігінің еншісіне берілуде, сот сараптамсы мемлекеттік ортада бейімделуі қажет», - деді Б.Әбдірайым.
Вице-министр атап өткендей, Жарлыққа сәйкес, әділет министрлігіне жататын үш комитеттің қызметі бөлініп, департаменттерге берілді. Сот актілерін орындау қызметі әділет департаментіне берілді. Осы себепті әділет органдарының қызметі нығайды, деді Әбдірайым.
«Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті тіркеу 1 сағатты ғана қамтитын болады. Осыған дейін аталмыш үдеріс 2 тәулікті құрайтын», - деді ол.
Камила Амирова