• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Аэроғарыш комитетінің атауы Қазғарыш  болып қала береді 04.11.2014

Сондай-ақ, Талғат Мұсабаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің азаматтық авиация және ғарыш қызметі мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.

Бүгінгі күні Комитет төрағасының барлық орынбасарлары тағайындалып, ҚР ҰҒА-ның академигі Мейірбек Молдабеков, бұрынғы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің жауапты хатшысы және Байқоңыр қаласындағы ҚР Президентінің бұрынғы арнаулы өкілі Ерғазы Нұрғалиев, сондай-ақ ведомство құрылғаннан бергі уақыттан бастап, басшының орынбасары болып келе жатқан Еркін Шаймағамбетовтер қызметтеріне кірісті.

«Бұған қоса, Комитет төрағасының бұйрығымен Қазғарыштың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен ведомство қызметкерлері тағайындалды. Құрылымды оңтайландырудың нәтижесінде ведомствоның штат саны 10-нан астам пайызға қысқарды», - делінген хабарламада.

ҚР ИДМ-нің бекіткен бұйрығына және ҚР Әділет министрлігінде өткен тіркеуге сәйкес, ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті туралы ережеде Аэроғарыш комитетінің қысқаша атауы ретінде Қазғарыш атауының қалдырылуы – қайта құрылған ведомствоның жағымды жаңалығы болды.

 

 

 

 


Back to the list