• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда түзету мекемелері салық төлеуден босатылады – ІІМ 20.10.2014

«Бұл қаржыны өндірісті жаңғыртуға бағыттауға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері ҚАДЖ мекемелері Ресей мен Беларусьте қабылданатын «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңын қолданбай-ақ тауар жеткізу, қызмет көрсету бойынша келісім орнатады. Бұның өзі де жеткіліксіз. Сондықтан да қазір, кәсіпкерліктерді мемлекеттік қорғау тапсырысы жұмысына араластыру жоспарланған», - деді Қ.Қасымов үкіметтік сағатта.

Министрдің айтуынша, қарулы күштер үшін бұл енгізілім арнайы киім-кешек үлгісімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ол қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі өнімділікті арттыра түседі.

Сондай-ақ, Қ.Қасымов әскерилерге арналған киім-кешектің тігілу үлгісіне назар аударды, ведомство оны қазақстандық жазасын өтеушілерге ұсынбақшы.

«Жыл сайын атқарушы органдар 12 млрд теңге көлемінде қызмет көрсетіп,  өнім өндіреді. Шығарылған өнімнің 80 пайызы жеке қажеттіліктер үшін түзету мекемелеріне жөнелтіледі. Оған қоса қондырғылардың тозығы жеткен. Сондықтан да біз қайта жөндеу жұмыстарымен айналысуға мүдделіміз», - деді ол. 


Back to the list