14.10.2014
«Қолданыстағы шетелдік жұмыс күшін тарту жүйесін (ШЖК) жетілдіру аясында ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі заңнамаға көші-қон және жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгертулер енгізу заң жобасын жасақтауда. Заң жобасында ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ұлттық еңбек нарығын қорғау көзделген. Екінші жағынан ол экономиканың біліктілігі жоғары мамандар қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған»,- деді Т.Дүйсенова.
Бірінші бағыт ретінде ведомсвто біліктілігі жоғары мамандар нарығын жасақтауды белгілеп алды.
«Бұл өз бетінше жұмысқа орналасуға, квотасыз және рұқсат қағаздарсыз өзбетінше шетелдік жұмыс күшін тартуға байланысты. Рұқсаттың орнына оның біліктілігіне сай екені туралы анықтама берілетін болады»,- деп толықтырды ол.
Осы ретте шетелдіктерге Қазақстан бойынша жұмыс іздеуге 3 ай уақыт беріледі. Оның үстіне ДСӘДМ әлемдік тәжірибеге сәйкес бағалаудың балдық жүйесін дайындайды.
«Ол Үкіметтің біліктілігі жоғары мамандарды тартуы үшін жасалады және бірінші кезекте басымдылық берілген бағыттар белгіленеді. Бұл салаларда белгілі бір мамандықтар бойынша артықтышылықтар беріледі», - деп түйді министр.
Камила Амирова