13.10.2014
«Мемлекеттік бақылауды жетілдіру мақсатында тәуекелдерді бағалау негізінде жоспарлы тексерулерін болдырмауды есепке ала отырып кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді ұйымдастыру ұсынылуда. Бұл мақсатта жеке кәсіпкерлік субектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды төрт топқа бөлу қарастырылуда»,- деді Қ.Өскенбаев.
Сонымен, бірінші топқа аса қауіпті қызмет түрі және жиі тексеруді қажет ететін реттеу салаларын енгізу ұсынылды. Бұл салаларға атом энергетикасы, қару айналымы, есірткі заттары, өрт сөндіру және санитарлық-эпидимиологиялық қауіпсіздік жатады.