13.10.2014
Іс-шара Мемлекет басшысы бекіткен "Қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне, жетілдірілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға және қылмыстық жазаларды атқару жүйесіне көшу жөніндегі бірыңғай мемлекеттік іс-қимыл жоспарын іске асыру шеңберінде өтеді, деп хабарлады ведомство.
Семинарға Парламент депутаттарының, Жоғарғы Сот, Әділет министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, прокуратура органдарының, басқа да құқық қорғау құрылымдарының өкілдері, ғалым-сарапшылар, құқықтанушылар қатысуда.
Семинардың басты мақсаты - жаңа құқықтық актілерді қабылдау кезінде пайда болатын проблемалы мәселелерді бірлесіп талқылау, әкімшілік және қылмыстық-атқару заңнамаларын реформалау жағдайында құқықтық жүйенің тиімді қызмет атқаруын қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар мен ұсыныстар әзірлеу.
Атап айтқанда, сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды орындау, кәмелетке толмаған сотталушылардың жазасын өтеуі, жазасын өтеуден босатылу, сондай-ақ сотталғандарды ресоциализациялаудың өзекті аспектілері мәселелері бойынша талқылау өткізілді.
Талқылау барысында әкімшілік және қылмыстық-атқару заңнамаларын реформалау жағдайында құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру қажеттігіне басты назар аудара отырып, құқық қолдану практикасының проблемалы мәселелері бойынша сындарлы сұхбат өткізілді.