• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанның барлық мемлекеттік органдарында жалақыға 10% үстеме қоры құрылды – Досаев (ФОТО) 09.10.2014

«Президенттің тапсырмасымен біз 10%-дық қысқарту жасадық. Дегенмен үнемдеу есебінен құрылған еңбекақы қорын біз лайықты қызметкерлердің жалақыларына ынталандыру мақсатында үстеме ақы ретінде беретін боламыз. Бұл процесс өткізілген. Барлық мемлкеттік органдар бойынша 10 пайыздық қор құрылды», - дейді Е.Досаев

Министрдің айтуынша, штаттық қызметкерлер жергілікті атқарушы органдарға өткізілетін болады.

«Штаттық қызметкерлерді біз жергілікті атқарушы органдарға ұсынып отырмыз. Адамдар әкімдіктерге, басқармаларға, департаменттерге барып жұмыс істейді. Министрліктерде қазіргі қысқартулар нәтижесінде бір орынға екі адамнан келіп тұр. Егер ұсынылған орынға бармайтын болса, онда ол адамға заңға сай 4 айлық жалақысы төленеді», - дейді министр.  

Индира Қауметова

Суретті түсірген Азамат Әлиев 


Back to the list