• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР-ның  15 кодексі мен 125 заңына  өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі 09.09.2014

«Парламент Мәжілісі 4-сессиясының бірінші жалпы отырысында Парламент Мәжілісі көптеген заң жобаларын жұмысқа қабылдады. Соның ішінде екі заң жобасы шұғыл түрде қабылдануы тиіс. Олар ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады. Осы заң жобаларын қарау барысында қолданыстағы 15 кодекс пен 125 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі», - деді депутат.

Сонымен қатар, Парламенттің төменгі палата депутатының айтуынша, аталмыш заң жобасына депутаттардан 200-ден астам ұсыныс келіп түскен.

«Қазіргі таңда депутаттар тарапынан аталмыш заң жобасына қатысты 200-дей ұсыныс келіп түсті. Ертең Парламент Мәжілісінің пленарлы отырысында аталмыш заң жобасы бірінші оқылымда қаралады», - деді ол.

Сондай-ақ, ол  аталмыш заң жобасындағы негізге алынуы тиіс басым бағыттарды атады.

«Қаралып жатқан заң жобасы Үкіметтің құзіретін анықтайды. Атап айтар болсақ, олар мемлекеттік басты әлеуметтік-экономикалық бағыттары, оның қорғанысы, қауіпсіздігі мен жалпы қоғамдық тыныштықты қамтамасыз ету», - дейді депутат.

Индира Қауметова


Back to the list