02.09.2014
«Жемқорлықтың ең ауқымды деңгейде тараған саласы жемқорлық қатерлерді азайту мен мәселелерді шешуге арналған мемлекеттік сатып алу саласында сақталып келеді. 2014 жылдың соңына дейін Үкіметке жаңа редакциядағы мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасын дайындап Парламентке ұсынуды тапсырамын», - дейді Мемлекет басшысы.
Н.Назарбаевтың айтуынша, халықтың кірісі мен шығынын толықтай декларациялауды енгізуге деген қажеттілік бар.
«Қазіргі таңда халықтың кірісі мен шығынын жаппай декларациялау бойынша заңнамалық өзгерістер енгізуге дайындық жүргізілуде. 2017 жылдан бастап толықтай декларациялауды енгізуді қаматамасыз ету керек», - дейді Елбасы.
Индира Қауметова