02.09.2014
«2015 жылдан бастап коммерциялық мақсатта пайдаланылмайтын, пайдалану мерзімі 7 жылға дейінгі және жаңа жеке көліктердің техникалық байқауына тайым салу керек …», - деп мәлімдеді Н. Назарбаев.
Мемлекет басшысы атап өткендей, жаңа көліктердің тексерісі шенеуніктермен байланысқа түсуге әкеледі.
«Егер, көлік коммерциялық мақсатта пайдаланылмаса онда ол жаңа көлікті тексеру кереп пе, тағы да шенеуіктермен байланыстарға әкеледі, сонымен қатар көлік құралын басқаруға сенім хат», - деп толықтырды мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Н.Назарбаев Үкіметке жұмысқа орналасуға және шетелге шығу немесе көлік жүргізуге куәлік алу үшін қажет құжаттарды метариалдық негіздеу бойынша талаптарды азайтуды тапсырды.
«Рефорамларды жүргізу барысында халық бетпе-бет келетін күнделікті проблемаларды ұмытпауымыз керек. Заңнаманы қайта қарап шығу керек деп есептеймін - құжаттарды метариалдық негіздеу бойынша талаптарды қысқартуға, халыққа жұмысқа орналасу, шетелге шығу немесе көлік жүргізу куәлігін алу үшін анықтама беру бойынша «бір терезелі» жүйе принциптерін қайта қарап шығуды тапсырамын», - деді ҚР Президенті.
Индира Кауметова