02.09.2014
«Әкімдіктерге аймақ дәрежесінде орындалатын жұмыстарды өткізу қажет. Бұл жергілікті мағынадағы қызметтер. Демек, бір қызмет тек қана бір мемлекеттік органға жүктелуі тиіс, оны қайталау керек емес», - деді Елбасы.
Атап айтар болсақ, ауыл шаруашылығы бойынша жергілікті органдардың құзіретін арттыру қажет. «Ветеринарлық қадағалау саласында әкімдіктерді кірістірген жөн», - деді Елбасы.
«Сондай-ақ, жылу беру саласының жұмыстарын әкім қызметіне жүктеген жөн. Мәселен, жылу беру нысандарының қызмет көрсетуі, жылу маусымына дайындық сұрақтарын шешу, бұл ақпараттардың барлығына жергілікті әкімдер жауап беруі тиіс», - деді Президент.
Мемлекет басшысы атап өткендей, қызметтерді жергілікті органдарға беру мақсаты көрсеткіштерге жетудегі жаңа жауапкершілік.
Камила Амирова