02.09.2014
«2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап кедендік рәсімдерді қысқарту керек. Кедендік бақылау кедендік жүйе кезеңінен тауарды шығарғаннан кейінгі кезеңге ауыстырылуы керек», - деді Н.Назарбаев.
Сонымен қатар, Ұлт көшбасшысының айтуынша, отандық экспорттаушыларды қолдау үшін жүк тасымалы құнын азайту шараларын қарастырып, кедендік рәсімдеу мен бақылау мерзімін қысқарту керек.
«Жыл соңына дейін отандық экспорттаушыларды қолдау үшін жүк тасымалы құнын азайту шараларын қарастырып, кедендік рәсімдеу мен бақылау мерзімін қысқарту керек», - деді ҚР Президенті.
Сонымен, Н.Назарбаев Үкіметке Кедендік одақ келісіміндегі бірыңғай қағидалар мен техникалық реттеу ережелері туралы келісімге өзгерістер енгізуді тапсырды.
«Үкіметке халықаралық сертификатқа сай келуі бойынша Кедендік одақ келісіміндегі бірыңғай қағидалар мен техникалық реттеу ережелері туралы келісімге өзгерістер енгізуді тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.
Индира Қауметова