• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Президент министрліктерге заң күшіндегі шешімдерді қабылдау құзіретін беруді бұйырды 02.09.2014

«Қазақстан Үкіметі бүгінгі экономикалық жағдайларда елдің әлеуметтік-экономикалық саясатының басты бағыттарын іске асыру бойынша стратегиялық мәселелерге баса назар аударуы қажет», - деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, министрліктерге заң күшіндегі шешімдерді, түрлі ережелерді қабылдау құзіретін беру керек.

«Қазіргі таңда бұл Үкіметте қаралып жатыр. Әр отырыста 50-60 мәселе қаралады. Мұның барлығы қағаз күйінде ұмыт қалады. Әр министрлік өзінің саласына қатысты жеткілікті құзіретке ие болуы керек. Сонымен қатар, шешім қабылдауда толықтай жауапкершілік жүктеліп, өзге органдарға жаба салуға жол берілмейді», - деді Елбасы.

Н.Назарбаевтың айтуынша, осы талаптарды заңнамалық тұрғыда реттеу қажет.

«Министрліктер құзіретіне қызметтерін іске асыруды бақылаумен қатар тиісті салалардағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін шешімдер қабылдау құзіреті де беріледі», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда саланы тиімді реттеуді қамтамасыз ететін орталықтандырылған бақылау бойынша комитеттердің бұрынғы қызметтері аймақтық органдарда сақтала бермек.

Камила Амирова 


Back to the list