21.08.2014
Жиын Қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізушілік, қылмыстық атқарушылық және әкімшілік өндірістің жаңа үлгісіне көшу іс-әрекетінің бірыңғай мемлекеттік жоспарын орындау мәселелеріне арналды.
Кеңеске қатысушылар еліміздің құқық қорғау және сот жүйелері қызметінің жаңа жағдайдағы нормативтік-құқықтық, қаржылық және ұйымдастыру-техникалық мәселелерін талқылады. Соның ішінде Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімін жасау; қызметкерлерді жаппай қайта оқытуды ұйымдастыру, оларды қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды