21.08.2014
21 тамыз күні сағат 15:00-те Орталық комуникациялар қызметінде ҚР Жоғарғы соты өкілдерінің қатысуымен брифинг өтеді.ҚР Жоғарғы сотының Қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов және Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының судьясы Жаңылсын Арқарова қатысатын брифинг «Қылмыстық заңнаманың және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне ауысу туралы» тақырыбына арналады.