• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Қазатомөнеркәсіп» ұжымына жаңа басшы Н.Каппаров таныстырылды 07.08.2014

Жиналғандар алдында сөз алған «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нұрлан Қаппаровтың кәсіби тұлғасы туралы әңгімеледі. Өмірзақ Шөкеев жаңа басшының энергетика саласында мол тәжірибесі бар екенін, кезінде Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі болғанын атап көрсетті.

«Кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағалығына Нұрлан Жамбылұлы Қаппаровты тағайындауды ұсынды. Оның кандидатурасын компанияның Директорлар кеңесі де мақұлдады. Ол Қазатомөнеркәсіптің табысты жұмысын лайықты жалғастырып, компанияның қарқынды инновациялық өсуіне ықпал жасай біледі деген үміттемін», - деді Қор басшысы.

Өмірзақ Шөкеев атап өткендей, Нұрлан Жамбылұлы – кәсіби білікті және дайындығы мол азамат, талантты топ-менеджер және парасатты адам ретінде танымал. «Осы қасиеттердің барлығы оның болашақта үлкен табыстарға жетуіне көмектеседі деген сенімдемін», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы.

Компаниядағы кадрлық ауыс-түйістер 2014 жылғы 6 тамыз күні мемлекетік басқару жүйесіне жүргізілген реформалаудың ізінше болып отыр. Жаңартылған Үкіметте Қазатомөнеркәсіптің бұрынғы басшысы Владимир Школьник басқаратын жаңа Энергетика министрлігіне маңызды рөл бөлінген.


Back to the list