• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Н. Назарбаев «ҚР мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Жарлыққа қол қойды 07.08.2014

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру, мемлекеттік аппаратты оңтайландыру және Қазақстан Республикасының жинақы Үкіметін қалыптастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, оған Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінен – бюджеттік жоспарлау саласындағы функциялар мен өкілеттіктер беріле отырып;2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оған Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінен – балық шаруашылығын дамыту, су ресурстарын басқару, ормандар, жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктер беріле отырып;3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оған өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып қайта ұйымдастырылсын», - делінген Жарлық мәтінінде.

Құжатқа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі құрылып, оған:бюджеттік жоспарлау саласындағы функциялар  мен өкілеттіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің;Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің;Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінен – мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы;Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің;Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің;Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік);Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің функциялары мен өкілеттіктері берілді.

Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі құрылды. Оған:электр энергетикасы, атом энергиясы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің;мұрағат ісі және құжаттама саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің;Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінен – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы;Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің;Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің функциялары мен өкілеттіктері берілді.

Оған қоса, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, оған:Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің;Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен – электр энергетикасы, атом энергиясы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы;Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінен – табиғи ресурстарды қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату, жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, «жасыл экономиканы» дамытудың мемлекеттік саясатын бақылау саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілді.

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, оған:Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің;Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып  құрылсын», - делінген Жарлықта.

Жарлыққа сәйкес ҚР Премьер-Министрінің екі орынбасары ғана болады. 


Back to the list