20.07.2014
Осы жобамен Қазақстан Республикасының кеден органдары көрсететін жаңа 9 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары бекіту және «Преференциалдық және преференциалдық емес режимдерді қолдану кезінде тауар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешімдер қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына өзгерістер енгізу көзделген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту көрсетілетін қызметті алушылардың теңдей қол жеткізуін, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеуін, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ашықтықты, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді
Жалпы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын нормативтік құқықтық актісі болып табылады.